Маңғыстауда үш баланы өлтірген ер адамның үкімі өзгеріссіз қалды

Бірінші сатыдағы сот үкімімен ер адам өзінің 3 кішкентай баласын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы мен оның қорғаушысының өтініштері негізінде іс апелляциялық тәртіпте қаралып, олар айыптау үкімін алып тастап, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Алайда, судьялар алқасы үкімді өзгерту немесе жою үшін негіздерді анықтаған жоқ.