Маңғыстау-Форт Шевченко бағытындағы темір жол тармағының құрылысы 2006-жылы басталады деп күтілуде

Темір жол тармағының ұзындығы 134 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарына арналған қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Бүгінде іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жер жағдайы мен жүк ағынының потенциалы зерттелуде.

Қалалық әкімшіліктен хабарлағанындай, темір жол құрылысын салудың үш түрлі үлгісі қарастырылды. Форт Шевченко қаласының басшылығы шойын жол тармағын "Саура" карьері арқылы тарту туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге жұмысты Маңғыстау бекетінен немесе Шетпе ауылына бастау жөніндегі үлгілер де қарастырылған. Мамандардың пайымдауынша, жер бедерінің сәйкестігіне байланысты ең қолайлысы - Маңғыстау бекетінен басталатын бағыт деп саналуда.