Маңғыстаулық блогер коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің жағдайын көрсетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінде облыстық перинаталдық орталықта 67 адам емделіп жатыр, босанған әйелдердің жартысынан көбінің жағдайы ауыр. Осыдан 2 күн бұрын осы орталықта бір әйел ковидтен қайтыс болды, бақытымызға орай, бала аман қалды. Марқұмның күйеуі де модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының қабырғасында емделген", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

 

Ол пандемия кезінде жүкті әйелдерге қиын екенін, олар жағдайына байланысты вакцина салдыра алмайтынын айтты. "Ковид пен пневмониямен ОПО-да жатқан көптеген жүкті әйел жақын туыстарынан жұқтырған", - деді блогер.