Биылғы жылдың 5 айында жоспардан тыс 79,3 мың тонна мұнай өндірілген, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 8,9 процентті құрайды.
Мұнай өндіруші компания жаз маусымында тәуліктік мұнай өндіру көлемін 15 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Биылғы жылдың ақпан айында тәуліктік орташа мұнай өндіру көлемі 13 мың 800 тоннаға жетті. Компания мәліметіне сәйкес, бұл қолда бар ұңғыма қорының жұмыс қарқынын арттыруға байланысты. Жыл басынан бері 8 ұңғыма пайдалануға беріліп, жұмыссыз тұрған 56 ұңғыма іске қосылды. 8 ұңғы механикалық өндіру тәсіліне көшті. Жыл басынан бері мұнайшылар 214 ұңғыны күрделі жөндеуден өткізіп, 1969 ұңғыға жер астында жөндеулер жүргізді.
2004-жылы компания 76 млн. 071 мың 765 теңгеге 4 млн. 850 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. 2003-жылы компания 4,8 млн. тонна мұнай өндірді.
"Маңғыстаумұнайгаз" жалпы алғанда 15 кеніш игеруде. Олардың арасынан ең ірілері - Қаламқас пен Жамбай кеніштері. Кеніштердегі жалпы мұнай қоры 960 млн. тоннаны, алынатын мұнай қоры 180 млн. тоннаны құрайды. Компанияның негізгі акционері - Индонезияның Cenral Asia Petroleum Ltd компаниясы.