Мәңгілік алауға картоп қақтағандар іздестірілуде

29 қарашада интернетте Бішкектегі Жеңіс алаңында орнатылған Мәңгілік алау отына бірнеше жастың картоп қақтап отырғаны туралы видео жарияланған.

Қала басшылығы милициядан оқиғаға қатысы барлардың барлығын анықтауды сұраған. Милиция тергеу амалдарын бастаған.