"Мәңгілік махаббатыммен": Ерке Есмахан осы жылы орындалған арманы туралы айтты

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Париж-менің бала арманым!
"Махаббаттың қаласы" болғандықтан, тек сүйіктіммен барамын деп мақсат қойғанмын, сонаау кішкентай кезімде.
Қанша жыл өтсе де, қанша жол түссе де бармайтынмын, арманым орындаларына сеніп, қимайтынмын.
Міне, 2022 жылы бардым.
Мәңгілік махаббатыммен!
Әльhамдулилләh!
Жыл соңына таяп қалған соң ойланып, қортындылап шүкірлік жасап отырғаным ғой.
Сіздерге де сүйіктілеріңізбен ғажап қалаға бару бұйырсын", - деп жазған ол.

Loading...

Әншінің оқырмандары тек жақсы тілектерін жазуда.

 

Жалпы, соңғы уақыттары Ерке Есмахан сүйіктісі туралы жиі айтып жүр. Жуырда ғана сүйіктісі анасына iPhone сыйлағаны туралы жария еткен еді. Десе де, әнші сүйіктісінің кім екендігі жайында әзірге құпия сақтап отыр.