Бұл туралы Caravan.kz порталы хабардайды.
" Мені жоғалтып алдыңыздар ма?! Пропала?! Бармын ғой… Я….Немного борюсь сама с собой.
Махаббатқа ұқсайды мына көктем,
Мәңгілікке келмеді ол бірақ, әттең...
– Оны саған кім айтты? - дейді, жүрек,
– Жаңбыр айтты! - деймін мен, жылап өткен.
Сағынышқа ұқсайды осы көктем,
Сағыныш та тұрады қасіреттен.
– Оны саған кім айтты? - дейді, жүрек,
– Сезім айтты! - деймін мен, ғашық еткен.
Арманыма ұқсайды анау аспан,
Ол да алдамшы жеткізбей ала қашқан.
– Оны саған кім айтты? - дейді, жүрек,
– Жолым айтты! - деймін мен, көп адасқан.
...Кеудемді ұрып тұратын кейде ақырын,
Неге бүгін жүрегім беймақұрым?
Өтіріктен жалығып кетті-ау, сірә,
– Оны саған кім айтты? - дейді, ақылым!...",- деп Қалқаман Сариннің өлеңімен жазбасын аяқтады.
Желі оқырмандары: "Қандай керемет","Қалқаман мықты ғой","Аман болыңыз","Жартыңызды табыңыз","Бақытты болыңыз",- деп жазды.