«Мәңгүрттер»: Петропавлда мәслихат депутаты қалаға қазақша атау беруге қарсы шығып, желіні шулатты

Петропавлда қала атауын қазақшалауға қатысты тағы да шу шықты. Жергілікті мәслихат депутаты Павел Афанасьев телеграм-арнасында жазба қалдырып, елді шулатты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Депутат өз жабасын Telegram-арнасында жазған.

«Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар», — деп жазған депутат.

Желі қолданушылары оны жаппай «депутаттықтан алып тастау керек» деген пікірлерін жаудырып жатыр.