Өнер иесі перзентінің өздері үшін мәңгілік махаббат пен сағынышқа айналғанын айтып, жүрек сырын ақтарды.
“Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз!
12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет.
Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың, көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің… Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандықтың үлгісін көрсеттің…
Емделу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар, бірақ «Құдайсыз құрай да сынбайды» демек бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар.
Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ.
Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз…”, - деп жазды актриса.
Еске сала кетейік, 1 маусымда танымал актер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановалардың тұңғыш ұлы қайтыс болған еді.