Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
23-25 сәуір аралығында Алматы қаласында 23-ші Қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» KITF-2024 көрмесі өтті.
23 мамыр күні Маңғыстау облысына Татарстан Республикасы Қазан қаласынан жаңа чартерлік рейс ашылып, 100-ге жуық турист келді.
28 мамырда бірқатар итальяндық БАҚ «DOVE», «The Good Life» және «National Geographic» жетекші тревел басылымдарының өкілдері еліміздің туристік әлеуетімен танысу және әлемдік деңгейде жариялау үшін Маңғыстауға сапарлады.
Маусым айында 27 мемлекет қатысатын Пекин-Париж бағытындағы халықаралық ралли көліктері Маңғыстауға келді. Сонымен қатар Франция елінен 4 Paralèlles 12 Méridiens француз туроператорлық компаниясы келіп, өңірдегі Бекет Ата, Шопан Ата, Шақпақ Ата және басқа да жерасты мешіттерді соңдай-ақ Сартас, Қапамсай, Торыш, Тұзбайыр, Бозжыра шатқалы, Боқты тауы және басқа да көрікті туристік орындарды аралап, Маңғыстаудың ұлттық салт-дәстүрімен танысты.
- Шілдеде Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Қазақстанның әртүрлі аймақтарында туризммен айналысатын және салаға жауапты қызметкерлер үшін, соның ішінде Маңғыстау облысының туризм басқармасы қызметкерлеріне бір апталық «Туризм көшбасшылық академиясы» біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Содан кейін ҚР Әзірбайжандағы Елшілігінде Қазақстан-Әзербайжан туристік форумы өтті. Ағымдағы жылдың 22-23 шілде аралығында Ұлыбритания елінен «Bold by Nature Kazakhstan» шетелдік делегация келіп, өңірдің көрікті аймақтарында түсірілім жасады. Ал, 3-тамызда «Tetysblu» тақырыптық саябағының аумағында «Picnic by Partners» іс-шарасы өткізілді. Бұл бастамалар сала мамандарының тәжірибе жинап, дамуына айтарлықтай ықпал етті, - дейді Нұрәділ Иманғалиев.
Биыл облыста 2 инвестициялық жоба іске қосылған. Олар «Apart-hotel HIDE» жобасы және Жылы жағажайдағы «Zhagalau Resort» демалыс базасы.
Осы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 44 млрд теңгеге 100 жұмыс орнын құру арқылы 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда «Town Center» сауда қатарлары, Виллалар мен пәтерлер кешені құрылысының 2-кезеңінің құрылысы, «Wyndham Garden Aktau» қонақ үй кешенінің құрылысы. Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына мультипликативті оң серпін бере отырып, туристердің қызығушылығын одан әрі арттыра түспек.