Caravan Logo

Маңғыстау облысында жолда қалған жүк көліктері құтқарылды

Маңғыстау облысында жолда қалған жүк көліктері құтқарылды

Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысының 112 қызметіне жолаушылары бар 13 көліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарды алысымен құтқарушылар Жетібай-Жаңаөзен тас жолының 204 шақырымына дереу жолға шықты.

"Жүк көліктері жолдың тазартылған бөлігіне сүйретіліп шығарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек және эвакуация қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.