Маңғыстауда кәсіпорын жанындағы жас мамандар арасында футболдан турнир өтті

Маңғыстауда кәсіпорын жанындағы жас мамандар арасында 2024 жылдың 22 қыркүйек күні футболдан турнир өтті. Бұл шараның мақсаты: Өндірістік мекемелерде қызмет атқарып жүрген жас мамандардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл турнирге 16 мекеме қатысты. Атап айтатын болсақ: «Маңғыстаумұнайгаз» ЖШС, «ӨМГ» ЖШС, «ҚБМ» ЖШС, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «ОСК» ЖШС, «ОСС» ЖШС, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС, «Ақтаутеңізпорты» ҰҚ АҚ, «Казпошта» АҚ, «Каспи битум» ЖШС,. «Казтрансойл» АҚ МОФ, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Мұнайтелеком» ЖШС, «Каскор» Машзавод» АҚ, «ТенизСервис» ЖШС, «ОТС» ЖШС мекемелері қатысты. Ойын өте тартысты болды. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысымен ұйымдастырып отыр. 1 орын «Каскор-машзавод» АҚ мекемесі , 2 орынды «ӨМГ» АҚ, 3 орынды «Қаражанбасмұнай»АҚ мекемесі иеленді.