Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
- 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудың бірегей жартасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстарын бастауды тапсырған болатын.
Оның дерегінше, кеше Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. 29 шілдеге дейін жалғасатын жаһандық жиынға Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға қатысушы 196 мемлекеттің үш мыңға жуық делегаты, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері жиналған.
- Алдағы он күн ішінде Комитет ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған 30 жаңа номинацияны қарайды. Солардың қатарында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» номинациясы да бар. Бұл номинация бойынша қабылданатын оң шешім еліміз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болмақ, деп жазды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Айта кетейік, ЮНЕСКО Қазақстан халқын Домбыра күнімен құттықтады.