Манипулятор құлап кеткен 3 әйелдің жағдайы мүшкіл

Алматы дәрігерлері ауыр техника астында қалған үш әйелдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш пациент те өте ауыр жағдайда түсті. Барлық лабораториялық-диагностикалық зерттеулер шұғыл түрде жүргізіліп, ота жасалды. Жарақаттары өте көп. Пациенттер қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосулы», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан. Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін «Әйгерім» шағын ауданында болған. Манипулятор кранның тіреуі тайып кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалды.