Мақат пен Солтүстік Кавказды жалғастыратын газ құбыры 2005-жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі

Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, қазір магистральды газ құбырының 363-ші шақырымында газ өлшеу станциясы монтаждалып жатыр.

Жалпы алғанда 2005-жылдың 1-тоқсанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ 356 747 мың теңгенің жұмыстарын атқарып шықты. Атап айтсақ, "Ақыртөбе" жер асты газ қоймасы мен "Южный" Магистральды газ құбырлары басқармасының "Самсоновка" желілік өндірістік басқармасында 2 дизельдік электр станциясы, сондай-ақ, "Атырау" Магистральды газ құбырлары басқармасының Індер желілік өндірістік басқармасында ПАЭС-2500 2 электр станциясы пайдалануға берілді.
Сонымен бірге "ҚазТрансГаз" АҚ 2005-жылдың 1-тоқсанында Орталық Азия-Орталық-ІІІ магистральды газ құбырының 52-56-шақырымында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, "Чижа" және "Орал" желілік өндірістік басқармасының "А" компрессорлық цехының өрт сөндіру жүйелерін күрделі жөндеуден өткізді.