Мақатта мешіт қиратылып, Құран сөздері жазылған тақтайшалар табан асты етілді


Мұнай өндірісінің қарқынды дамуына байланысты 1931 жылы ірге көтерген ауыл енді болашағы жоқ елді-мекеннің қатарына кіріп отыр. Мұндағы 400-ге жуық отбасы бір жылдың ішінде биліктің бастамасымен түгелдей Атырау қаласына көшірілген. Байшонастың соңғы тұрғыны осыдан 20 күн бұрын Атырауды бетке алыпты. Қазір ауыл түгелдей үйіндіге айналған. Елсіз қалған елді-мекенде әзірге 1 жыл бұрын толық жөндеуден өткен мектеп пен балабақша ғимараты ғана аман. Бірақ олардың да қанша уақытқа дейін қалқайып тұратыны белгісіз.