Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгін ерекше күн, менің сүйіктімнің туған күні. Аллаға сансыз шүкір етем. Ата-анаңа рахмет айтам. Менің қамқор, мейірімді жүрегім. Сенің бар арманың орындалсын. Сенің менің барымсың. Сен менің қуанышымсың. Сен менің отбасымсың. Мен сені сүйем.
Бүгін мереке жасағым келді. Сенің қуанышты көзіңді көргім келді. Шын жүрегіммен мерекені ұйымдастыруға көмектескен достарыма алғыс айтқым келеді. Сіздер менің сиқыршымсыздар", - деп жазды Исабекова.
Бұған дейін Мақпал Исабекова қалыңдық атанғанын айтып, қуанышын желіде бөлісті. Сүйіктісінің өзіне ұсыныс айтқанын жар салып, қуанышы қойнына сыймады.
Әншінің қашан тұрмыс құратыны белгісіз. Бұл туралы әншінің өзі ешқандай хабар айтқан жоқ.
"Туған күнімен құттықтаймын! Неткен әдемілік", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова.
"Туған күнімен құттықтаймын", - деп жазды Индира Еділбаева.
"Тіпті артынан қарасаң да әдемі", - деп жазды әнші Луина.
Желі қолданушылары құттықтап қана қоймай, әншінің сұрақ астына алды.
"Құтты болсын, туған күні құтты болсын", "Құттықтаймыз, бақытты болыңыздар", "Бірге баянды ғұмыр кешіңіздер", "Сүйіктіңіздің ұлты кім? Қазақ па?", "Қашан некелесесіздер, той қашан?", "Карантинді күтіп жатырыздар ма?"- деп жазды олар.