Өзінің Instagram парақшасында Мақпал «Арнаймын саған» хитінің орындаушысы, әнші Диас Аблаевпен түскен суретті салған , - деп хабарлайды Caravan.kz
Бір қарағанда, қарапайым сурет болып көрінетін постта жүрек белгісі қосылған “I don’t care anymore” (Маған енді бәрібір - автор) деген Мақпалдың жазбасы жарияланған.
Жүздеген оқырмандар бірден өзінің сұрақтарын қоя бастады: «Енді Аблаевпен жүрейін дедің бе?», «Құдай-ау Мақпал 30-ға келсе де, өзін 20-дағы қыздардай ұстайды», «Енді мына Диасқа жабысқан ба Ринго жігітін қойып» , - деп топырлатты желідегілер.
Онымен қоса, “I don’t care anymore” (Маған енді бәрібір - автор) жазуы Диастың киген киімінде де жазулы тұр. Аблаев өз парақшасында да Мақпалмен бірге түскен фотосуретін жұртшылыққа жайды. Алайда, әлі ешқандай комментарий берген жоқ.
Біз Сіздерді жаңалықтың жаңа жайттарымен хабардар етіп отырамыз.