Мақпал Жүнісова: Анам тұрмысқа шығуыма рұқсат бермейді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова 12 жыл бұрын күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтен айырылып қалып, жесір атанса да, сол уақыттан бері ешкіммен көңіл жарастырған емес. Тіпті, ел арасында оның өзге ер адаммен көңіл қосқаны туралы сыбыс та жоқ. Осы күнге дейін көпшіліктің құрметіне бөленіп, атына дақ түсірмеген қазақтың ерке қызы қайта тұрмыс құру туралы не ойлайды? Аталған мәселе турасында халық әртісінің өзі айтып берді.

Бұл туралы «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайта тұрмысқа шығу туралы сұраққа жауап берген Мақпал Жүнісова өзіне өзге ерлердің тамсана қарап, ғашықтық сөздер айтатынын жасырмады. Алайда…

«Анама маған тұрмысқа шығуыма рұқсат бермейді. «Мен 47 жасымда жесір қалсам да, өлгенім жоқ. Сен де өлмейсің!» – дейді анам. Мен ешқашан анама қарсы шықпаймын. Сонымен қатар қызым да: «Анашым, бізге ешкімнің керегі жоқ», – дейді», – деп ағынан жарылды халық әртісі.

Жүнісованың айтуынша, күйеуі Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғаннан кейін, 5 жыл бойы марқұмды қатты сағынып, күн сайын түсінде көрген.


«Мұнан кейін қайғымды жасыруға тарысып, өзге ерлерге қарай бастадым. Алайда жақындарым қарсы болса, демек, болмайды. Сондықтан жиі тойға барып, көп жұмыс істеуге тырыстым. Мұның бәрі басыма түрлі жаман ойлар келмес үшін», – дейді әнші.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова тұрмыстағы құрбыларымен араласуды да  доғарған. Себебі, әлдекімге қашық болып қалып, біреуді отбасынан ажыратып алмауды ойладым, дейді ол.

«Мен тез ғашық болатын адаммын. Маған жан-дүниесі бай, ақылды, дарынды, нағыз ерлер ұнайды. Алайда бұл дегеніміз менің міндетті түрде қандай да бір ер адаммен қарым-қатынаста болуым керектігін білдірмейді. Тек, мен ғашық болған кезде, мұндай сезім маған өмір сүруге көмектеседі. Мен – шығарымашылық адамымын», – дейді Мақпал Жүнісова.