Мақпал Жүнісова кешірім сұрап келген Гүлнұрдың бетін қайтарып тастады

Бұл туралы muzzone арнасы хабарлады деп жазады Caravan.kz.

Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын Мақпал Жүнісова мен Гүлнұрдың арасында түсінбеушілік туған еді. 

Мақпал Жүнісованың әніне түсірілген бейнебаян "Таңшолпан" бағдарламасынан көрсетілуі тиіс болатын. Алайда ол уақытта әнші орындаған саундтректің монтажы әлі бітпеген екен. Сол себепті әлгі бағдарламаға Сиви мен Ринат дайын тұрған саундтректі ала барған. Ол Гүлнұр Оразымбетова мен «Саламат» тобы орындаған ән болатын.

Артынша Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік парақшасында әріптесі Гүлнұр Оразымбетоваға кінә тағып, жазба қалдырған.

Кешірім сұрап келген Гүлнұр Оразымбетованың бетін қайтарып тастағанына қарағанда, Мақпал ханымның ашуы әлі тарқамаған көрінеді.