Мақпал Жүнісова хабарласып концертіңе қатыссам бола ма деді - Жігер Ауыпбаев


Бұл туралы ол "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Концерттің күні белгіленнен кейін бірінші болып Жүсіп ағаға хабарластым. Ол кісі болды, бірақ Уәкеңе бір ауыз айтып қой, Уәкең келіссе, ештеңе алып қоймасақ бара берем ғой деді. Уәлибек ағаға хабарласып едім, ол кісі болды, кезінде сөз беріп едік қой, қатысамыз деді. Екінші Мақпал апама хабарластым. Ол кісі шетелге кетіп бара жатырмын, ол күні егер бос болатын болсам келейін. Бірақ біз бос болмаймыз ау, Қазақконцертпен кетіп бара жатырмыз деді. Содан сәл көңілім түсіңкіреп қалған болатын. Сонымен концертке 3 күн қалған кезде Мақпал апамыз хабарласып, Жігер, сенің концертіңе қатыссам бола ма деді. Бұл сұрағыңыз не, қандай сұрақ бұл, әрине міндетті түрде қатысасыз, осы жақтасыз ба  дедім. Ол кісі кетпейтін болдым, кейінге қалды, сенің концертіңе келемін деді. Қуаныштан жарылдым, Мақпал Жүнісованың өзі хабарласып келейін деп жатыр. Сол кезде  көзіме жас толып кетті, тығылып барып жылап алдым. Осындай аңыз тұлғалар қолдап жатқанына қатты қуандым", - дейді ол.