Өзінің Instagram парақшасында әнші жұртшылықтың назарын аударған бейнежазбаны жариялады.
«Қазақ эстрадасын қалыптастыру жолында біраз еңбек етіп келе жатқан әншілерміз. Қазақ эстрадасы енді қалыптасып, жастар біздің артымыздан жақсы бір әуенмен еріп келе жатыр еді. Аяқ астынан осындай Еуропаның музыкасы қаптады, Африканың музыкасы ма, құдай-ау. қара нәсілділердің ритмін алады. Оған қоса қазақша сөздерді қосады, қалай-болса солай, мән-мағынасы жоқ... Не өлең енді анау «зың-зың», «дың-дың», «дым-дым» дей ме... «Жоқ-жоқ» не ән бұл? Ол ұрпақты неге тәрбиелейді. Біздің ұлы ақындарымыздың өлең-сөздері, Тұманбай ағамыз, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Исраил Сапарбаев, Қадыр Мырза Әлиев... көп қой енді. Сол кісілердің өлең жолдары қайда қалды. Қайда қалды?», - деп Мақпал Жүнісова қынжылысын жеткізді.