Төреғалидің басына қара бұлт үйірілгенде көптеген әріптестері одан теріс айналды. Тіпті, жығылғанның үстіне жұдырық болып, әншіге деген бұрынғы өкпе-реніштерін жарыса айта бастады. Қиын кезеңде Төреғалиге қолдау білдірген санаулы адамдардың бірі – Мақпал Жүнісова, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Халық артисі тіпті, ел алдына шығып Төреғалидің тентектігі үшін иіліп тұрып кешірім сұраған болатын. Ол жас кезде барлық адамның қателесетінін айтып, халықты түсіністік танытуға шақырған еді. Сондай-ақ, Ұлы дала баласы үшінші мәрте қызды болған кезде оны алғашқылардың бірі болып Мақпал ханым құттықтады.
Бұл оқиғадан кейін Төреғалидің өнердегі әпкесіне деген махаббаты еселене түсті. Бұл туралы Ұлы дала баласы әр сұхбатында айтып та жүр.
Ал күні кеше фильмінің тұсауын кескен Төрешке Халық артисі ерекше сый жасады. Ол әншіге алтын қорынан алынған үнтаспаларын сыйлап, анасына сақина тақты.
Сондай-ақ, осы күні Төреғалидің жаңа альбомының тұсауы кесілді.
Еске сала кетейік, күні кеше Төреәлінің ұлы “Ұлы дала комедиясы” атты фильмінің тұсауын кесті.