Мақпал Жүнісова туған күнін ұшақта атап өтті

Ұшақта түсірілген видеоны әнші желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Дубайда саяхаттап қайтып келе жатқан өнер иесін ұшақ қызметкерлері қолдарына торт ұстап, "Туған күніңмен!" әнін шырқап құттықтаған. Мақпал Жүнісованың айтуынша, мұндай құттықтауды ұйымдастырған қызы Мерей.

"Өмірімде бірінші рет аспанда туған күнімді қарсы алып жатырмын. Мені құттықтап, қуантып тастады. Мұның бәрін жасап жатқан Мерей ғой", - дейді ол.

Желі қолданушылары да әріптестері де жаңа жасымен құттықтап, тілектерін арнауда.


 

Loading...