Қазақстандық эстраданың жұлдызы танымал саясаткердің бұрын-соңды жарияламаған фотоларын ел назарына жүктеген.
Өнер иесінің марқұм жолдасымен түскен суреттерін желіге жүктегеніне қарағанда, оған деген сағынышы әлі де басылмаса керек.
Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында қайтыс болды. Белгілі саясаткердің жансыз денесі өз үйінде табылды. Анықталғандай, оның денесінде үш оқ жарақаты болған. Орын алған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша, ол өз-өзіне қол салған.