«Біреулер сіз енді «модный» әнші емессіз, сахнада неғып жүрсіз дейді. Жастар секілді заманауи әндер айтпайсыз ба деп жазғандар да болды. Мен енді қазіргі жастардың іс-әрекетін жасамаймын ғой»,-деген қазақтың ерке қызы өзін сынаушыларға өкпелі екенін жасырмады.
Бұл инста әлемде бір жарым миллионға жуық жазылушысы бар әншіге қарсы пікірлердің бер жағы. Толассыз пікірлер халық әртісін сахнаға шығармай қоюдың әлегі ме дерсің.
«Пенсияға шығып, жастарға орын бермейсіз бе дейді. Мен біреудің аяғынан төмен тарып жатырмын ба? Жүр ғой менен де үлкен апалар.Бізді біреулер о дүниеге тезірек жіберуге асығатын секілді. Одан да біздің жүргенімізге тәуба десін»,-деген Мақпал Жүнісова сахнадағы өз орын ешкімге бермейтінін ашып айтты.