75 келіде қостанайлық Мақсат Ережепов қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалға шықты. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде қытайлық палуанды бес ұпайлық әдіске керемет тасап, жеңіске жетті. Ал финалдық белдесуде Мақсат кореялық Даесунг Пакты ұтты.
Айта кетейік, Мақсат Ережепов Азия чемпионатының күміс жүлдегері және екі дүркін қола медаль иегері. Кадеттер және жасөспірімдер арасында Азия чемпионы.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Алмат Кебіспаев пен Дамир Күзембаев күміс жүлдегер атанса, Ерұлан Искаков қола жүлдені жеңіп алды.