- Неге Үсеновты көрсетпейсіздер? Неге жасырасыздар? Неге тілшілерді алдап сотты бір сағат бұрын ерте бастағансыздар? Ұят қой бұларыңыз?
істің насырға шабарынан қорықты ма, журналистер қолына кейін Мақсат Үсеновтың қатысуымен өтіп жатқан отырыстан таспа таратылды. Мақсат Үсенов бұған дейін көзге көрінбеуін асқынған сыртқатымен түсіндірген.Жазадан оңай құтыла алмаған байдың ұлы соттан изоляторға әкетілді.Айта кетсек былтыр желтоқсанда БМВ көлігін тізгіндеген жиырма төрт жастағы Үсенов алты адамды қағып біреуін жазым еткен болатын. Алайда марқұмның туысымен мәмілеге келген ол қылмыстық жауапкершіліктен сытылған-ды. Тек қоғамда қарсылық өршіген соң прокуратура оны әкімшілік жауапқа тартуды сұраған.
Қанат Молдашев, судья:
-Бітімгершілік 296 баппен Қылмыстық кодектің адам өліміне абайсызда әкелді деймізге қарапайым тілмен. Оны тергеу органымен айыптаушы мен жәрбірленушінің өзара келісуіне байланысты сондай қаулы шығарып қысқартылған.