Алайда қазір Аделя Кимнің cosmoteddy деп аталатын парақшасынан оның Мақсат Үсеновпен де, басқа жігітпен де түскен суретін көрмейсіз. Қазір бойжеткен жалғыз өзінің ғана ашық-шашық кейіптегі фотоларын жариялайды.
Алайда, кеше ғана оның Instagram парақшасында өте қызықтырарлық жазба пайда болды.
"Ол (Мақсат Үсенов - ред.) маған бір ай бірге болғаным үшін пәтер әперді. Вахахаха, қатындар, сөз қыла беріңдер" , - деп Үсеновтің өзімен түскен фотосуретін салыпты Аделя қыз.
Атышулы Мақсат Үсеновтің «қызы» ретінде танылған Аделя Ким қалай өмір сүруде?
Жазба бірден кеңінен таралып кетті. Сөйтіп, оның оқырмандары арасында қызу пікірталас тудырды. Алайда шамалы уақыттан кейін жазба жоқ болып кетті.
Біз өз кезегімізде "Атың шықпаса, жер өрте" мәтеліне толыққанды лайық болатын қыздан жана хабар күтеміз