Мақтааралға көмек. Министрлік қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні, қатты жаңбыр мен бұршақ салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылған. Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары суға толып, бірнеше елдімекендерді су басты. Осыған орай Түркістан облысының Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ел Президенті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырған болатын. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою үшін Үкімет комиссиясы құрылған.