«Мақтаншақ қазақтар толтырады залды»: Танымал еуропалық әншінің концертіне 200 мың теңгеге билет алғандар көптің сынына ұшырады

Сөзінше билет құны 200 мың теңгеден кем түспейтін концертке билет таусылып қалған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Танымал тележүргізуші бұл ойын өзінің желідегі парақшасында жариялады.

«Лара Фабиан деген әншіні танитын боларсыздар. Алматыға гастрөлдік сапармен келеді. 25-ші маусымдағы концерт билеті 200.000 тг.
Дәл осы соммадағы билеттің бәрі сатылып кеткен. Республика сарайының сыйымдылығы 3000 орын екенін ескерсек, Бельгиялық поп-жұлдыз Қазақстаннан қалтасын қомпайтып қайтары анық. Лара бүгінде әлемдегі ең бағалы әрі сұраныстағы әнші. Оның француз тілдес лирикалық сопрано дауысы алты құрлықты өзіне қаратып тұр. Естеріңізде болса, біздің Димаш Лара әпкесінің 4 октав дауысына ілесіп, 4 жыл бұрын жұп болып шырқап еді. Димаштың Алматыдағы концертінің өзі 20-50 мың тг. төңірегінен аспады.

Ал, енді осы тақырыпта жазайықшы. Сіз концертке сатып алған ең қымбат билет қанша тұрады? Өз сүйіктіңіздің өнерін көру үшін қанша ақшаны аямас едіңіз, кімді көргіңіз келеді? Мысалы, маған латын-америкалық мақамдар ұнайды», - деп жазды журналист.


Десе де көпшілік осынша ақшаға билет алған «байшыкештерді» сынап тастады. Олар: «200 000 тг концерт көргенше отбасыма жұмсамаймын ба? Немерелерімді қыдыртпаймын ба?», «Көрерсіз ертең, 200 мың болмақ түгілі 500 мың болса да біздің мақтаншақ қазақтар толтырады залды», «200.000-ға телевизор алып алмаймын ба?» деп жазды олар.