-Баланың туылғаны туралы анықтама берілді. Ол анықтамада Өзбекстан Республикасында туылды деген анықтама берді. Әпкем берді. Ал, бір аптадан кейін күйеуі яғни менің жездем Байпақ Әділет басқармасына алып барды. Әділет басқармасынан сол жерде баланың туылу туралы метрикасын алды сол жерден.
Оңтүстікте жуырда ғана төрт баласын сатып, ақша таппақ болған безбүйрек ана ұсталған болатын. Атышулы оқиғаның ізі суымай жатып, келеңсіз қылық тағы қайталанып отыр. Осы жолы Мақтарал ауданында бала сатып алмақ болған тағы қос келіншек қолға түсіп отыр. Құрсақ көтере алмаған олар жүкті әйелдерді іздеген. Ақыры, біреуінің баласын 150 мыңға, екіншісін 250 мың теңгеге сатып алуға келісіп, оларды Өзбекстанға алып кеткен. Сол жақта аяғы ауыр әйелдердің Өзбекстанда босанғаны туралы анықтама алып, кейін сәбилерді Қазақстанға әкеп, өз аттарына рәсімдемек болыпты. Жалпы прокурорлар екі жылдың ішінде осындай 160-тан астам оқиғаны анықтаған. Тек қолды болып кеткен сол бүлдіршіндердің әлі 15-і табылмады.
Болат Жұматаев, ОҚО Прокуратура басқармасы басшысының орынбасары:
-Қазіргі жағдайда 15 баланың тағдыры белгісіз. Сол бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.