Астанада ҚФФ президентінің сайлауы өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы Maulen спорт комментаторының Telegram арнасы жазды.
36 жастағы Марат Омаровтың кандидатурасын Астана футбол федерациясының қауымдастығы ұсынды. Ол 34 дауыс жинап, Алтай Даумов (2) пен Ербол Қайыровты (0) артта қалдырды.
Марат Омаров – Йорк британ университеті мен Лондон экономика мектебінің түлегі. 2022 жылдан бастап Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды. Оған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жұмыс істеді, бірқатар компанияны басқарған. Ұлттық экономика министрлігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған және "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінде болды.