Марат Омаровтың әйгілі әні шіркеуде қазақша шырқалды (ВИДЕО)

Бұл нендей іс-шара немесе діни рәсім екендігі және нақты қай жерде болғаны  белгісіз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Қазір Михаил әке мен мектептің қыздары ана туралы ән шырқайды", - дейді жиынды жүргізіп отырған жүргізуші.

Осылайша, күтпеген жерден қазақ сазгерінің танымал әні христиандар құлшылық ететін орында шырқалады.

Айта өтейік, "Анашым" атты әннің авторы: Марат Омаров, сөзі: Қайрат Жұмағаливтікі. Көпшілікке аталмыш туынды Нұрлан Өнербаевтың орындауында жақсы таныс.


Loading...