Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жас ананың айтуынша кішкентай Көзайымның әкесі - Азамат Омаров, танымал композитор Марат Омаровтың ұлы.
"Әпкем, сенің аяғың ауыр дегесін Азаматқа ватсапқа жаздым. "Азамат, аяғым ауыр сізден енді не істесем болады?", - дедім. Ол "Мүмкін емес, мен арнайы дәрі ішіп алдым", -деді. Одан кейін оған қанша жаздым жауап бермей қойды, - деді Кәмшат Таубай.
Бағдарламаға Азамат Омаров та, әкесі де, ешқайсысы келмеді. Бағдарламадағы сарапшылардың бірі "Қыз бала деген ұяң болуы", - керек деп Кәмшатты жерден алып, жерге салса, ал журналист Зарина Мүсілім "Мен сенбеймін, күнде әншілерге солай айтады. Сен онымен 3 айдан кейін төсекке келісетіндей бриллиант сыйлады ма", - деп сұрап, бағдарламаға келген Кәмшат Таубайды жылатып қойды.
Бағдарлама соңында, Дина Төлепберген баланың расымен Азамат Омаровтың әкесі екенін растау үшін оның үлгісі керек екенін айтты. Сонымен қатар, бағдарлама жүргізушісі қаршадай қыздың өміріне Марат Омаровтың сенгісі келетінін айтып өтті.