"Бүгін үкіметтің қаулысымен Марат Аблахатұлы Оразаев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
"М. Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді", - делінген құжатта.
М. Оразаев түрлі жылдарда Қаржы министрлігінде жұмыс істеген, бүгінге дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің қаржылық қамтамасыздық департаментінің директоры қызметін атқарды.