Марат Оспановты еске алу құрметіне футбол турнирі өткізіледі

Үшінші рет өткізіліп тұрған бұл футбол турнирі ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-экономист Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған.

Осы дәстүрлі доп додасына Парламент, «Нұр-Отан» партиясы, Сыртқы істер министрлігі және «Хабар» агенттігі, Оспановтар отбасы, Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясының елшіліктері, сондай-ақ Араб елдері елшіліктерінің біріккен командалары қатысуға ұсыныс білдіріп отыр.

Жарыс жеңімпаздары 14 қазан күні анықталады.