Марат Шахметов «Астана» футбол клубы сапында ең көп ойынға қатысқан футболшы аталды


Бұл командада 2010 жылдан бері өнер көрсетіп жүрген Михаил Рожков - 97, Қайрат Нұрдәулетов -79 ойынға қатысып үздік үштіктің қатарына енді. Ал 2010, 2012 жылдары бақ сынаған Сергей Остапенко (65 ойын) мен молдовалық легионер Игорь Бугаев (64 ойын) 4-5 орында келе жатыр. Оларды 62 ойын өткізген сербиялық легионер Ненад Эрич өкшелеп келеді. Ал 60 ойынмен Роман Пахолюк, 59 ойынмен Максим Азовский, 58 ойынмен Таңат Нөсербаев, 53 ойынмен Дамир Даутов алғашқы ондықты түйіндеуде.