Марат Тәжин бүгінге дейін қандай қызметтер атқарып еді?

Осы тұста Caravan.kz тілшісі бұған дейін біраз салмақты қызметтерде болған Тәжиннің мансап жолына бір көз жүгіртіп өткен еді.   

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті аппараты басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.

1994—95 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі.

1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.

1999—2001 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2000 ж. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

2001 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.


2002 ж. - қайтадан Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2007 ж. 11 қантарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2009 ж. 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

2013 ж. 16 қаңтарда Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.

2014 ж. 11 ақпанда ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.