Марат Тәжин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып бекітілді


Марат Тәжин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Caravan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың сайтында.