Маргарита Мацко СҚО-да бірінші болып 2012 жылғы Олимпиадаға жолдама алды

«Мацко Азиялық гран-при сериясын жеңіп алып, солтүстікқазақстандықтардың ішінде бірінші болып 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына лицензияға қол жеткізді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз хатшысы Дарья Тушина.

Азия гран-приң Қытайдың үш қаласында – Джуахинг, Куншан және Вуджангта өтті. Жазғы Азия ойындарының чемпионы М. Мацко 800 м қашықтыққа үш рет жүгіріп, үшеуінде де мәреге бірінші болып жетті.