Бұл туралы ол "instagram" парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Достар, соңғы екі күнде Тайжан туралы посттарыммен мазаларыңызды алғаным үшін кешірім өтінемін. Болды, осымен ол туралы жазуды тоқтатамын. Мұны бастаған мен емес, Құдай куә, онымен кездесіп, жағдайды талқылайын деп бірнеше рет әрекет жасадым. Бірақ, ол қараша айынан бері мені мезі қып бітті. Мен үндемей жүре бердім, бірақ, ол менің басыма қиын іс түскен кезді пайдаланып, атымды тура атауға қорқып, сыртымнан қаралай бастағанда мен одан әрі шыдай алмадым. Бұл менің эмоционалды тұрғыда өз-өзімді ұстай алмауым болды. Әдетте, ешкіммен сөзге келіп, ұрыспайтынымды өздеріңіз білесіздер. Осы үшін сіздерден бар көңіліммен кешірім өтінемін. Кең пейілмен кешіре көріңіздер! Ол менің көмегімді мойындай ма, жоқ па, енді мен үшін негізінде маңызды да емес. Бастысы, сіздер барлығын білесіздер. Бұл мәселемен енді сіздерді мазаламаймын. Cіздерге қолдауларыңыз бен түсіністігіңіз үшін тағы да алғыс айтамын! - дейді Марғұлан Сейсембай.