Біздің спортшының басты қарсыласы 17 жастағы Кларесса Мария Шиелдс ширек финалда швециялық қарсыласын еліне жүлдесіз қайтарған еді. Енді міне жартылай финалда Маринаға қарсылас болғалы тұр. Шаршы алаңдағы кездесу 8 тамыз күні Астана уақыты бойынша 19-30-өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Марина 1/8 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын. Ал ширек финалда азулы қарсыласынан еш ықпаған Марина алғашқы 2 раунда 7:7 есебімен тең аяқтаған болатын. Дегенмен шешуші кезеңде барын салған біздің былғары шеберіміз үшінші кезеңді 3:1 есебімен басымдықпен ұтты. Осылайша Марина ширек финалға жолдама алды.
1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.