Мариупольде қалалық прокуратура мен әскери бөлімше ғимараты өртенуде

Алдын ала мәлімет бойынша, прокуратура терезесіне белгісіз біреулер жанғыш зат құйылған бөтелке лақтырған.

Өрт кезінде ғимаратта адамдар болмаған. Сонымен қатар, жақын уақытқа дейін ұлттық гвардия орналасқан әскери бөлімше де өртенген.

Таяуда ұлттық гвардия кеткеннен кейін әскери бөлімше бос жатқан.