Марк Старостин - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Скиатлон - 15 шақырымға классикалық, ал қалған 15 шақырымды еркін әдіспен жүгіру бағдарламасы. Бұл сынның алтыны мен күмісі ресейліктер Сергей Устюгов пен Евгений Беловқа бұйырды. Осы қашықтықта сынға түскен Дәулет Рақымбаев 42 орыннан көрінді.

23 жасқа дейінгі жастар. Скиатлон. 30 шақырым. 1. Сергей Устюгов - 1:11.37,1. 2. Евгений Белов (екеуі де - Ресей) - 2,5. 3. Марк Старостин (Қазақстан) - + 32,4.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Чехиядағы жарыста Анастасия Слонова күміс жүлдеге ие болған еді,- деп хабарлайды "Аламан" спорт агенттігі.