Марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен.

Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады.

"Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада. 

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны түсіндірілді.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен оқиғаға себеп болуы мүмкін себептер анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Зардап шеккендер бар-жоғы нақтыланып жатыр дейді.