Марсель полициясының басшысына маска киген белгісіз біреулер оқ атқан


Бұл туралы "Фигаро" француз газетінің интернет- порталы мәлімдеді.
Полиция басшысы зардап шеккені туралы мәлімделмеді.
Бұған дейін "Франс Бле" француз радиостанциясы куәлардың сөзіне сілтеме келтіре отырып, Кастельян ауданында оқ атылғанын мәлімдеген болатын.
Оқиға болған жерде полицейлер жұмыс жүргізуде.
Дүйсенбі күні Марсельге Франция үкімет басшысы Манюэль Вальс сапармен барған болатын.