Марста төмен деңгейдегі жер асты өмірдің болуы ықтимал

деп мәлімдеді Карпов атындағы Физикалық-химиялық институттың ғылыми қызметкері Виктор Островский.

Бұл туралы ол Мәскеуде өтіп жатқан Күн жүйесі жөніндегі 5-ші мәскеулік симпозиум барысында айтты.

Оның айтуынша, Марс топырағының жоғарғы қабаты астындағы температура Цельсий бойынша алғанда 0 градус шамасында. Мұндай жағдайда өмір сүрудің пайда болуы ықтимал.

"Өмір сүретіндей компоненттер болса, өмір пайда болады", деді ол.