Рolisia.kz-тің жазуынша, Астана тұрғыны үйге мас күйінде келіп, жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы полиция бөлімі учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.