Мас көлік жуушы біреудің машинасын айдап кетіп, жол апатына ұшырады

Алматыда Porsche көлігінде отырған жолаушылар зардап шекті. Көлік иесінің сөзіне қарағанда, авто көлік жуу қызметінің қызметкері таза көлікке мініп кеткен. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, автокөлікті айдап әкеткен ер адам Райымбек көшесінде оларды көріп, шұғыл оңға бұрылады да, бетон қабырғаға соғылады. Кейін көлікпен артқа қарай жүріп, ЖПП қызметкерін қағып кете жаздапты. Ұсталған жүргізушінің айтуынша, көлікті бөлшектеп сатып жіберу үшін, айдап әкеткен екен.